«Мақал — сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы»
«Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы»????
14 ақпан күні бақшамызда «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру мақсатында қазақ тілі мұғалімі Қарлығаш Кашкинбайдың ұйымдастыруымен «Мақал- сөздің азығы, жұмбақ- ойдың қазығы» атауымен мектепалды топтар арасында сайыс өтті. Сайыс «Таныстыру», «Мақал-мәтел құрастыр», «Жұмбақ затты тап», «Жұмбақтың шешімін тап», «Асық ату» секілді бес бөлімнен тұрды.
Сайыстың әр кезеңінде балалар қазақ тілінде жауап беріп, суреттер арқылы мақал-сәтелдеи құрастырып, жұмбақтың шешімін тапты. Соңғы кезеңде «Асық ату» ұлттық ойынын ойнап, ұтқан асықтарын ұпай сандықшасына салды.
Сайыстың қорытындысы бойынша, «Бүркіт» тобы ( Мектепалды «В» тобы) І орынды, «Барыс» тобы ІІ орынды ( Мектепалды «Б» тобы),«Арыстан» тобы ІІІ орынды ( Мектепалды «Г» тобы) иеленді. Қатысушыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.