Бүгін, 14 наурыз, біз ең маңызды мерекелердің бірі — Көрісу күнін атап өтудеміз! Бұл — туыстар мен жақындармен қауышып, жақсы тілектер айтып, бір-бірімізге ізгі ниет білдіретін күн. Осы күні қарияларды, көршілерді және қадірлі адамдарды құттықтау дәстүрге айналған.
Біздің тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналар осы мерекенің маңыздылығын көрсетіп, дәстүрлерді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен бейнеролик дайындады. Көрісу күні — тек кездесу ғана емес, сонымен қатар құрмет, достық пен махаббат күні екенін ұмытпайық. 🙌
Баршаңызды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз! Үйлеріңізде әрдайым бейбітшілік, жарасымдылық пен бақыт орнасын! ✨