Skip to content

4 маусым – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ! 🔷

Бүгін, 4 маусым – еліміздің егемендігі мен бірлігін бейнелейтін айрықша күн – Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл күн – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін оятатын мереке.

Біздің кіші “Б” тобының тәрбиеленушілері осы атаулы күнге арнап бейнеролик дайындап, рәміздердің мән-маңызын түсініп, өз Отанын құрметтеуді үйренді.

Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздігі мен тұтастығын білдіретін қасиетті белгілер. Олар – біздің ортақ құндылықтарымыз!

Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий