12 қараша күні Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №2 сәбилер бақшасы базасында «Мамандақты тану» жобасы аясында «Тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту үшін денсаулық сақтау ортасы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Нургуль Кайроллаевна Нургалиева модераторлық етті.
Семинарды Е.И. Дубогрей ашып, семинар тақырыбымен және жұмыс жоспарымен таныстырды.
Одан кейін семинар қатысушылары дене шынықтыру нұсқаушысысы Р.Е. Жумадировтың «Дене шынықтырудан ұйымдастырылған қызметте дұрыс мүсіннің стереотипін қалыптастыру» және аталған балабақшаның жүзу нұсқаушысы К.Б.Бекишеваның «Бассейн – мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау ортасы ретінде» тақырыбындағы ұйымдастырылған қызметтерін тамашалады.
Семинардың екінші бөлімінде «Павлодар қаласының № 2 сәбилер бақшасы» КМҚК педагогтар инновациялық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. «4 жастағы балалардың физикалық дамуындағы нейротренажердың рөлі» Н.Н.Тронина сөз алса, тәрбиеші С.К.Журумбаева жалпақтабандылықтың алдын алу бойынша ойын жаттығуларын көрсетті.
А.М.Анкебаева жас педагогтарға модернизацияланған ойындар туралы айтып, тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту бағытында қолдану мысалдарын көрсетті.
Музыка жетекшісі К.К.Утебаева музыкадан ұйымдастырылған қызметтегі музыкатерапияға қатысты тәжірибесімен бөлісті. жаттығулар мен ойындардың элеметтерін көрсетті. Қонақтармен тынығу, эмоционалды стрессті жеңілдету және психологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы музыкатерапия жаттығуларын өткізді.
Одан кейін тәрбиеші Н.Т.Нетаева «Танымдық дене шынықтыру» тақырыбындағы тәжірибесімен бөлісіп, жас педагогтерге танымдық дене шынықтыру ойындарын тәжірибеде қолдануды көрсетті.
Семинар қатысушыларына мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы денсаулық сақтау ортасын жаңалау және жақсарту үшін практикалық материалдар ұсынылды








