Біздің кішкентай патриоттар!
Мереке қарсаңында ортаңғы «Б» тобының бүлдіршіндері елге деген сүйіспеншіліктерін ерекше іспен көрсетті. Балалар өз қолдарымен мемлекеттік туды жасап, оны топтарының шкафына мақтанышпен іліп қойды.
Бұл игі бастама олардың отансүйгіштік рухын арттырып, жүректеріне елге деген махаббатты ұялатады. Біздің кішкентай балдырғандар – еліміздің болашағы!
Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын!