Skip to content

Жасампаздық қазіргі МДҰ педагогінің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөліктерінің бірі

2025 жылдың 11 ақпанында Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №2 сәбилер бақшасында «Құзыреттілік орталығы» жобасы аясында «Жасампаздық қазіргі МДҰ педагогінің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөліктерінің бірі» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинар модераторы – әдіскер Кырыкбесова Бахыт Кайрулловна. Семинарды №2 сәбилер бақшасы басшысының м. а. Мукашева Асемгуль Десенбаевна ашып, семинардың тақырыбы және жұмыс жоспарымен таныстырды.

Колот Олеся Рахманкуловна «Балалардың қиялын ынталандыру үшін шығармашылық орта құру» тақырыбында арт-эксперименттер мен «Ширма-органайзер» құралын ұсынды.

Нетаева Назбике Тасбулатовна «Ересек балалардың танымдық белсенділігін арттырудағы креативті тәсіл» тақырыбында ойын әдістері мен танымдық видеоконтентін көрсетті.

Қазақ тілі мұғалімі Кашкинбай Қарлығаш «Қазақшаң қалай?» телебағдарламасы мен «Qazaq мульт» жобасын таныстырып, балалардың байланыстырып сөйлеулерін дамытуға арналған «Көкпар» алаңын көрсетті.

Педагог-психолог Коккезова Алмагуль тренинг өткізіп, креативті ойлау мен коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған тапсырмалар орындауды үйретті.

Семинар соңында Telegram-каналға QR-код ұсынылды.

Жасампаздық қазіргі МДҰ педагогінің кәсіби құзыреттілігінің құрамдас бөліктерінің бірі

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий