Бүгін сіздерге Мектепалды «А» тобының ұлдары мен тәрбиешісі Нетаева Назбике Тасбулатовна қазақтың ежелден келе жатқан ұлттық ойыны — Ханталапайдың ойналу жолын көрсетеді.
Ханталапай — асықпен ойналатын ұлттық ойын. Ерекшелігі — бұл ойынды тек ұлдар ғана емес, қыздар да ойнай алады. Ойын үшін он асық таңдалып алынады, ал ерекше түске боялған он бірінші асық — «хан» деп аталады.
Хан алшысынан түссе, ойыншылар «Талапай!» деп айқайлап, ортаға бас салып асық жинайды. Ойын ептілік пен шапшаңдықты талап етеді, сондықтан барлығының назары хан асығында болады.
Ұлттық спортты дәріптейік және дәстүрлі ойындарымызды ұмытпайық!