«Storysack – сәтті әдісім» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
20 ақпан күні Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №2 сәбилер бақшасы базасында «Storysack – сәтті әдісім» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.
Тәжірибелік семинарды №2 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Торғын Маратқызы Ахметова «Storysack — әдісін қолдану арқылы мектепке дейінгі балаларға қазақ тілін үйрету» тақырыбында баяндамасымен ашты. Одан кейін аталған балабақшаның қазақ тілі мұғалімі Қарлығаш Кашкинбай «Мектепке дейінгі ұйымда модернизацияланған ұлттық ойындар арқылы қазақ тілін оқыту» баяндасын оқыды.
Үшінші болып, «Павлодар қ. №54 сәбилер бақшасы» КМҚК қазақ тілі мұғалімі Нұрбике Дорошқызы Сыздықова «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясын тіл үйренуде» қолданудың тиімділігі» жайында тәжірибесімен бөлісті. Одан кейін Айгуль Сапаргалиевна Шахметова Павлодар қаласы №2 сәбилер бақшасы тәрбиешісі сөз алып, «Театр арқылы қазақ тілінде сөйлеуді дамыту» баяндамасын оқыды.
Семинар бойы Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Кундуз Муратхановна модераторлық етіп, тәжірибесімен бөліскен педагогтерге бағыт-бағдар беріп отырды.
Тәжірибелік бөлімде Карлығаш Кашкинбай ұлттық құндылық элементтері негізінде жасалған топтық ойын өткізді. «Ұлттық құндылықтар үстелі» атауындағы дидактикалық ойындардың комплексі және модернизацияланған «Көкпар» және «Қазақша үстел» ойынының нұсқасы семинар қатысушылары назарына ұсынды. Одан кейін Торғын Маратқызы Storysack – әдісі арқылы іскерлік ойын өткізді. Тәжірибелік семинар соңында Қундуз Муратхановна Рахымжанова қатысушыларымен сұхбат өткізді.