Кездесудің тақырыбы — «Қауіпсіз терезе»
Біздің балабақшада барлық жас топтарында ата-аналар жиналысы өтті.
Тәрбиешілер ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін еске салып, «Қауіпсіз терезе» акциясы жайлы мағлұмат берді. Әр отбасыға жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша жадынамалар, кітапшалар және пайдалы кеңестер ұсынылды.
Белсенділік танытқандарыңыз үшін барлық ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!
Баланың әрбір үйі қауіпсіздік пен жылулықтың мекені болсын.



