Бүгін біздің ортаңғы топта Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тамаша ойын-сауық өтті!
Балалар түрлі ұлттың киімін киіп, ұлттық билер билеп, ән шырқады. Әр бала өз халқының мәдениетін сүюге, басқа ұлттарға құрметпен қарауға тәрбиеленуде.
Бейбітшілік пен татулық – біздің басты құндылығымыз!
Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болмақ!


