Skip to content

Дөңгелек үстел

«Бала қауіпсіздігін, тілдік және эмоциялық дамуын қамтамасыз етудегі отбасының рөлі» атты дөңгелек үстел

Бүгін балабақшамызда Отбасы күніне орай «Бала қауіпсіздігін, тілдік және эмоциялық дамуын қамтамасыз етудегі отбасының рөлі» атты дөңгелек үстел өтті. Ата-аналармен бірге отбасының тәрбиедегі маңыздылығы, баланың қауіпсіз ортасын қалыптастыру, сөйлеу қабілеті мен эмоциялық әл-ауқатын дамыту туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Кездесудің модераторы — балабақша басшысының м.а Мукашева Асемгул Десенбайқызы өзінің кіріспе сөзінде ол баланың жан-жақты дамуының негізі ең алдымен отбасында қаланатынын атап өтіп, ата-ананың бала өміріндегі басты тұлға екенін айтты.

Шара барысында шақырылған мамандар ата-аналармен пайдалы кеңестермен бөлісті. Медбике Перетрухина Татьяна Александровна мектеп жасына дейінгі балалардың жарақаттануын болдырмау жолдары мен бұл мәселеде отбасының атқарар рөлі туралы айтты.
Логопед Нуритдинова Аягул Қабдыгалымқызы баланың тілін дамытуда күнделікті қарым-қатынас, кітап оқу және ойындардың маңызына тоқталды. Сонымен қатар, үй жағдайында жүргізуге болатын қарапайым жаттығуларды көрсетті: дыбыстарды дұрыс қоюға, тыныс пен артикуляцияны дамытуға арналған ойындар, сөздік қорды байытып, байланыстырып сөйлеуге баулитын тапсырмалар.

Кездесу соңында ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, отбасы дәстүрлері туралы ой бөлісті. Қатысушыларға пайдалы естелік жадынамалар таратылды. Жылы атмосфера мен белсенді қатысулары үшін барлық ата-аналарға алғыс білдіреміз!

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий