Бүгін, 4 маусым – еліміздің егемендігі мен бірлігін бейнелейтін айрықша күн – Мемлекеттік рәміздер күні! Бұл күн – әрбір қазақстандықтың жүрегінде отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін оятатын мереке.
Біздің кіші “Б” тобының тәрбиеленушілері осы атаулы күнге арнап бейнеролик дайындап, рәміздердің мән-маңызын түсініп, өз Отанын құрметтеуді үйренді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тәуелсіздігі мен тұтастығын білдіретін қасиетті белгілер. Олар – біздің ортақ құндылықтарымыз!
Баршаңызды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! 🇰🇿