🎉 4 қыркүйек күні біздің балабақшада Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тілім менің тірегім» атты көңілді әрі танымды квиз-ойын өтті.
👨👩👧👦 Ойынға төрт команда қатысты:
🌟 «Достық»
🌟 «Шаңырақ»
🌟 «Интеллект»
🌟 «Парасат»
Ата-аналар мен балалар викторина сұрақтарына жауап беріп, смайликтер арқылы мақал-мәтелдерді тапты, пазл құрастырды және ұлттық музыкалық аспаптар туралы сұрақтарға жауап берді. Зал шат күлкіге, қуанышқа және шынайы командалық рухқа толы болды! 🎶💡
📜 Шара соңында барлық командалар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды. 🍬
✨ Мерекелік шара бақшамыздың қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.