Бүгін біздің балабақшада ерекше күн өтті 💐✨
Біз балабақшада ұзақ жылдар еңбек етіп, өз еңбегін, жүрегін балаларға арнаған ардагер ұстаздарымызды қонаққа шақырдық. Қарттар күніне орай олар үшін үлкен мереке ұйымдастырылды 🎉
Қызыл кілем, жүргізуші, кәсіподақтан берілген сыйлықтар, балалар мен тәрбиешілердің концерттік бағдарламасы – барлығы да ыстық ықыласпен дайындалды. Балалар би билеп, ән салып, өнерлерін көрсетті, ал педагогтар ардагерлерге арнап көңілді ән-жыр орындады 🎶💃🕺
Кештің соңында дастарқан жайылып, шын жүректен әңгіме-дүкен құрылды. Ардагерлеріміз дән риза болып, құрмет пен қамқорлық – адамды шын мәнінде бақытты ететініне біз тағы да бір рет көз жеткіздік.