Кіші «Б» тобында «Үй жануарларымен танысу» тақырыбында қызықты ҰІӘ өтті.
🌟 Балаларға пошта арқылы сыйқырлы қорап келіп, оның ішінде үй жануарларымен таныстыруға арналған тапсырмалар жасырылыпты.
🍂 Бірінші тапсырмада балалар түрлі-түсті таяқшалардан қора мен үй жануарларының суреттерін құрастырды.
🐇🐓 Екінші тапсырмада жануарларды азық-түлікпен сәйкестендіріп, қоянға – сәбіз, құсқа – дән, сиырға – шөп беріп «қоректендірді».
🐶🐱🐮 Үшінші тапсырмада балалар үй жануарларын дауыс арқылы бейнелеп, олардың «тілінде» сөйлеп көрді. Бұл ойын ерекше көңілді өтті.
🥕💃 Төртінші тапсырмада балалар көңілді «Сәбіз биін» билеп, шат-шадыманға бөленді.
😊 Балалар белсенді қатысып, үй жануарлары туралы жаңа білім алды, соңында марапаттарға ие болды.