Ата-аналардың өз балаларымен бірге қатысуымен «КөңілдіSTART» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты отбасылық бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау.
Қатысушылар түрлі эстафеталар мен ойындарға қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Балалардың жүздеріндегі қуаныш пен ата-аналардың белсенділігі спорттық шараның ерекше атмосферасын айқындады.
Сайысқа 2 топ қатысып, төмендегідей марапатқа ие болды:
«Крепыши» тобы 1 орын
«Дружба» тобы 2 орын
Сайысқа белсене қатысқан ата- аналарға алғымыз шексіз.