Біздің балабақшада «Адалдық дүкені» акциясы өтті.
Іс-шара барысында сатушымен де, сатушысыз да дүкен ұйымдастырылды.
Ересек «Г» тобының балалары тауарларды өздері таңдап, жетондар арқылы төлем жасауға үйренді.
Ойын арқылы балалар адалдыққа, жауапкершілікке және дербестікке тәрбиеленді.
Осындай қарапайым ойындар үлкен құндылықтарды қалыптастырудың маңызды қадамы болып табылады.