Skip to content

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Балабақшамызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған танымдық іс-шара өтті.

Іс-шара барысында балалар еліміздің мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранымен танысып, олардың маңызы мен шығу тарихы туралы мағлұмат алды. Тәрбиешілердің әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарға жауап берді, Әнұранды тыңдап, тақырыптық ойындар мен әңгімелерге белсенді қатысты.

Осындай іс-шаралар балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий