Skip to content

🌿 Бата — жақсылықтың бастауы 🌿

Бүгін мектепалды «Б» тобы Наурыз мейрамы қарсаңында атадан балаға мұра болып келе жатқан ерекше дәстүріміз — «Бата беру» салтын көрсетті.

Ақ жаулықты әжеміз балаларды ортаға алып, олардың болашағына жарқын жол тілеп, жүрегінен шыққан ақ батасын арнады. Халқымызда «Батасыз ел жарымас» деген дана сөз бар. Бата — тек ізгі тілектердің жиынтығы емес, ұрпаққа берілер рухани тәрбие, өмірлік жолдама.

Ақ ниетпен берілген бата жақсылықтың бастауы болып, әрбір балдырғанның болашағы нұрлы, жолы ашық болғай! ✨

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий