Ересек «А» тобында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында балалар ата-аналарымен бірге жасаған макеттерін қорғап, көпшілікке таныстырды.
Балалар Қазақстан тарихы туралы мәлімет алып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысты.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті! ✨


