«Күзгі фантазия» табиғи материалдан жасалған қолөнер көрмесі🍂
Бақшамызда балалар шығармашылығына арналған көрмелер жиі ұйымдастырылып тұрады. Соның негізінде 14-18 қазан аралығында «Күзгі фантазия» тақырыбында табиғи материалдан жасалған қолөнер көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты ата-аналарды балабақшаның тәрбие-білім беру процесіне тарту, көркемдік-эстетикалық қабылдауды дамыту, сондай-ақ балаларды табиғатпен таныстыру, қоршаған әлем туралы білімдерін жинақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бұл «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасының да мақсат-міндеттерімен сәйкес келеді. Қатысушылар өз жұмыстарында әртүрлі табиғи материалдарды қолданған екен. Атап айтар болсақ: бүршіктер, жапырақтар, бұтақтар, көкөністер, жемістер. Жұмыстар әр түрлі, ерекше және қызықты. Мұнда әр баланың шығармашылық даралығы мен қиялы байқалды.
Выставка поделок из природного материала «Осенняя фантазия»🍂
Традиционно в нашем детском саду проводятся выставки детского творчества. 14 октября по 18 октября 2024 года прошла выставка поделок из природного материала на тему «Осенняя фантазия».
Целью выставки стало вовлечение родителей в воспитательно-образовательный процесс детского сада, развитие художественно-эстетического восприятия, а также приобщение детей к природе, накопление знаний об окружающем мире, развитие их творческих способностей. В своих работах участники использовали разные природные материалы: шишки, листья, веточки, овощи, фрукты. В каждой работе прослеживалась творческая индивидуальность и фантазия каждого ребенка. Все работы оригинальны, неповторимы и интересны.
Предшкольная «А» группа-Алиса Клинк.