Бүгін біздің балабақшада таңертең ерекше көңіл-күймен басталды. Наурыз мейрамына орай балабақша қызметкерлері ата-аналар мен тәрбиеленушілерді жылы жүзбен қарсы алды. Келген қонақтарға бауырсақтар мен тәттілер ұсынылып, ақжарма тілектер айтылды.
Әсем ән шырқалып, көңілді би биленіп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Осындай игі дәстүр арқылы балаларымызға Наурыз мейрамының мәнін, қонақжайлық пен мейірімділікті насихаттадық.
Баршаңызға Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, ырыс, молшылық тілейміз!🌷