«Біздің балабақшада жаңа жоба — «Qazaq мульт» бастау алды! Бұл жобаны қазақ тілі мұғалімі Қарлығаш Кашкинбай әзірледі. Мультфильмдердің анимациясы балалармен бірге жасалады және кейіпкерлердің дауыстарын да бүлдіршіндеріміз дыбыстайды. 🎙
Мультфильмдерді дайындау барысында балалар қазақ тіліндегі сөздік қорларын толықтырады. 📚 Бүгінде қазақ тілін үйрететін осындай бағдарламалар өте аз, сондықтан бұл жоба ерекше өзекті. Осы мультфильмдерді тамашалай отырып, өзге де балалар қазақ тілінде сөздік қорларын молайтып, жаңа сөздеи үйренеді деп сенеміз.
Бұл оңай жұмыс болмады. Балалардың және жобаны жасаған барлық қатысушылардың еңбегін қолдайсыздар және лайықты бағалайсыздар деп үміттенеміз! ✨👏