🔸Тәрбие – ұлт болашағының негізі!🔸
Ұрпақты биік мұратқа жетелейтін тәрбие – сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен бала ғана ұлағатты тұлғаға айналады. Бүгінгі өскелең ұрпақ – ұлт сапасының айнасы. Сондықтан біз ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие, шығармашыл әрі ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуге баса мән береміз.
Біздің балабақшада осы мақсатта «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде арнайы бұрыштар жасақталды. Бұл бұрыштарда халқымыздың салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары, тұрмыс-тіршілігіне қатысты дидактикалық материалдар мен ойындар топтастырылған. Балалардың қызығушылығын оятып, өздері еркін ойнауына және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне қолайлы жағдай жасалды.
🔸Воспитание – основа будущего нации!🔸
Воспитание, направленное на достижение высоких целей, является основой качественного образования. Только ребенок, выросший на основе национальных ценностей, может стать достойной личностью. Сегодняшнее подрастающее поколение – это отражение качества нации. Поэтому мы уделяем особое внимание воспитанию творческих и патриотичных граждан, обладающих такими качествами, как честность, патриотизм, ответственность, доброта, любовь, уважение к старшим и забота о младших.
В нашем детском саду в рамках программы «Біртұтас тәрбие» были созданы специальные уголки. В этих уголках собраны дидактические материалы и игры, посвященные традициям, национальным играм и образу жизни нашего народа.
Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде!🇰🇿
Будущее нации – в воспитании подрастающего поколения!🇰🇿
біртұтас_тәрбие
біртұтас_тәрбие_pvl
біртұтас_тәрбие_pvl_pavlodar
біртұтас_тәрбие_pvl_2balabaqsha #ҰлттықҚұндылықтар #БіртұтасТәрбие