Біздің балабақшада Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық дефиле» сайысы өтті ✨
Сайысқа мектепалды тобының бүлдіршіндері белсене қатысты. 👧🏻👦🏻
Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар ұлттық киімдерін киіп, сахнада әсем дефиле жасап өтті. 👘✨ Ал екінші кезеңде әр бүлдіршін өз костюмін қазылар алқасына таныстырып, оның ерекшелігі туралы айтып берді. 🎤
Айта кетейік, сайысқа ұсынылған костюмдер қолда бар материалдардан шығармашылықпен дайындалды. 🧵🎨 Бұл қатысушылардың қиялы мен шеберлігін айқын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік костюмдер түрлі номинациялар мен жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. 🏆🎁
Шара барысында өзге топ бүлдіршіндері би билеп, көктем мен Наурыз мейрамы туралы тақпақтарын айтып, ән шырқап, мерекенің көркін аша түсті. 🌷🎶
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген бұл шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады ✨
Осындай әдемі костюмдерді дайындап, балаларға қолдау көрсеткені үшін ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз! 💐
1 бөлім▶️
ІҰлттықКиімКүні #ҰлттықДефиле #НаурызМейрамы