Жазғы сауықтыру кезеңіне арналған «Алақай, жаз келді!»☀ атты перспективалық жоспарға сәйкес, мектепалды тобында балалар «Батыл өрт сөндірушілер» 🚒🔥 атты сюжеттік-рөлдік ойынға қатысты. Біздің кішкентай батырларымыз өздерін нағыз өрт сөндірушілер ретінде сезінді. Балалар каска киіп, өрт сөндіру көлігіне мініп, «шақыртуға» аттанды. Дабыл қағылды 🚨 – жұмыс басталды! Балалар ойыншық өрт сөндіргіштердің көмегімен «өртті» сөндіріп, «зардап шеккендерді» құтқарды. Олар бірлесіп, ұйымшылдықпен әрекет етті. Мұндай ойындар балаларда жауапкершілік сезімін, өзара көмектесуді қалыптастырып, зейінділік пен қимыл-қозғалысты үйлестіруді дамытады, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін бекітеді.