Ересек «В» тобында 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Балалар ата-аналарымен бірге алдын ала дайындаған макеттерін мереке барысында көпшілікке ұсынып, өз жұмыстарын таныстырды.
Іс-шарада балалар Қазақстан тарихы туралы мағлұмат алып, ән айтты, би биледі және ұлттық ойындарға қатысты.
Мерекелік жиын көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырды! ✨



